Жексенбі, 23 қазанда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жұмыс сапары аясында Түпқараған ауданында болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрлан Ноғаев Баутиндегі теңіз операцияларын жүзеге асыратын “Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В” жұмысымен танысты. Аталған компания солтүстік Каспийдегі өнімді бөлу туралы келісім аясында жұмыс істейді. Компания Қашаған кен орнын игеру жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыруға, сондай-ақ ең жоғары халықаралық қауіпсіздік пен экологиялық стандарттарды сақтай отырып алғашқы коммерциялық өнімді әзірлеуге жауапты.
Қажетті дайындықты сақтау үшін Консорциум стратегиялық орындарда мұнай төгілудің алдын алу үшін жабдықтардың мол қорын сақтайды. Мұнайдың төгілуіне қарсы дайындық жоспарлары халықаралық сарапшы ұйымдармен бекітілген.
Консорциум бойынша, мұнайдың төгілуінің алдын алу жұмыстарын атқаратын қажетті білімді алған 20 маман қызмет ететін бөлімше бар. Мамандандырылған бөлімшеде қажетті сапалы қондырғылар мен жабдықтардың бәрі бар.
Сонымен қатар, Баутин базасы - 106 гектар аумақты қамтитын жалғыз логистикалық хаб. Онда 600-ден астам адам оффшорлық операцияларды қолдауға тікелей қатысады.
Одан әрі облыс әкімі Баутин ауылындағы «ТеңізСервис» ЖШС филиалында болды.
Компанияның негізгі қызметі – Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы теңіздегі мұнай операцияларын қолдау үшін логистикалық және өндірістік қызметтердің кең спектрін ұсыну және оны дамыту жобаларын іске асыру. Аталған мекеме «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны болып табылады. Нысанның ауданы 15 га, айлақ алаңы 2 га, айлақ кабинасының ұзындығы 470 метр. Бұл компания өз қызметін 2003 жылдың желтоқсанында бастады.
Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің жағалау күзеті бөлімінде болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі - Қазақстан Республикасының құрлықтағы, судағы мемлекеттік тұтастығын сақтап, ондағы заңнама мен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.