Мұнайлы ауданында тиісті құжаттарсыз, заңсыз құрылыс саласында еңбек етіп жүрген 21 Өзбекстан азаматы ұсталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Мұнайлы ауданы ПБ-нің учаскелік полиция инспекторларының қызметкерлері құрылыс объектілерін тексеріп, рейдтік іс-шара жүргізген.
Аудандық полиция басқармасының хабарлауынша, елімізде заңсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 21 азаматы анықталды.
«Шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-тің 517-бабы 5-бөлігімен, ал жұмыс берушілер осы кодекстің 519-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылатын болады», - деп жазылған хабарламада.