Маңғыстауда есірткі тұтынып, масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылғы қаңтар айының 17-сі күні сағат кешкі 21:00 шамасында Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы дүкендердің біріне қарсы тас жолда “Mazda 626” маркалы автокөлігін жол инспекторлары тоқтатты. Аудандық патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен тексеру барысында жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғандығы анықталды.
Сонымен қатар, оның 2021 жылы ҚР ӘҚБтК-тің 608-бабы 1-бөлігімен 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылғандығы белгілі болды. Аталған Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша тіркеуге алынды.
Маңғыстау облысы полиция департаменті тұрғындар мен қонақтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Заңға қайшы әрекеттер жасап, құқық бұзушылықтарға жол бермеуі талап етіледі.