Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Рауан Мұхаев 2022 жылы департаментке 796 өтініш түскендігін мәлімдеді. Оның ішінде жазбаша – 219 болса, телеграм-бот арқылы– 35. Сондай-ақ, жеке қабылдауда – 213 және жедел желі бойынша консультация кезінде 329 өтінім түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
-Департаментке 2022 жылы 796 өтініш түсті. Оның 306-і қанағаттандырылды. Осының негізінде тұрғындарға 16 685 997 теңге қайтарылды. Ал өткен жылы келіп түскен өтініштер негізінде 4 322 244 қайтарылған болатын. Бұл бір жылдың ішінде тұтынушылар өз құқығын қорғау бойынша білімінің артып келе жатқанын білдіреді, дейді Рауан Мұхаев.
Оның айтуынша, негізгі құқықбұзушылық - кәсіпкерлердің тұтынушылардың жазбаша шағымдарына жауап бермеуі екен. Рауан Мұхаев департамент 2022 жылы 8 ірі және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 8 тексеруді жүзеге асырғанын атап өтті. Тұтынушылардың құқығы тапталған жағдайларда, олар толығымен қанағаттандырылған.
Сонымен қатар, өтініштерге жүргізілген талдау негізінде департамент тұтынушылардың құқықтарын бұзуды негізгі себептерін анықтады. Оларға мыналар жатады:
- тұтынушы ретіндегі өз құқықтары туралы халықтың құқықтық сауаттылығының төмендігі;
- кәсіпкерлік субъектілерінің «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңын білмеуі және сақтамауы;
- шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізуге мораторий.
Айта кетейік, Маңғыстау облысы тұрғындарының құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында департамент тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және инстаграмм парақшасында ай сайын тікелей эфирде онлайн кездесулер ұйымдстырылып және тұтынушылар тікелей эфирде қойылған сұрақтарға толықтай жауап алады.
Тұтынушылық құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, қандай да бір құқықтық көмек алу үшін, Ақтау қаласы, 9 шағынаудан, 23 «А» ғимараты, 215 кабинеті мекен-жайында орналасқан, Маңғыстау облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым қалдыруға немесе 8(7292) 43-14-34 байланыс телефондарына хабарласуға болады.