Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында ақ түсті Volvo ХС90 автокөлігі тоқтатылды. Көліктің жүк салғышынан 94 келі 600 грамм болатын 17 дана заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балық тәркіленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 маусым түнгі сағат 3:00 шамасында ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру барысында 24 және 25 жастағы күдіктілерді ұстаған.
- Күдіктілер ҚР ҚК 339-бабы бойынша ПД сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тәркіленген балық “Kazakh Osseter” ЖШС мекемесіне тапсырылды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы негізінде тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, - делінген хабарламада.