Республикада жүргізіліп жатқан «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 10 қыркүйекте жергілікті полиция қызметкерлері Қарақия ауданындағы тас жолдардың бірінде «УАЗ» автокөлігін тоқтатты. Полицейлер көлікті тексеру барысында тоғыз бекіре балығын тәркіледі. Тәркіленген балықтың салмағы 24 келі 200 грамм, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері 30 жастағы азаматты ұстады. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.