Маңғыстауда жалған дипломмен 7 мұғалім жұмыс істеген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Антикорға сілтеме жасап.
Бұл фактіні Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім саласына жүргізген мониторинг барысында анықтаған.
- Мұғалімдер қызметтен босатылды. Білім басқармасы мұғалімдердің жұмыс кезеңінде алған үстемақыларын мемлекетке қайтару бойынша сотқа талап–арыз берді, - делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар, бір мұғалімге қатысты сот үкімі шығып, ҚР ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 20 еселенген айлық есептік көрсеткіш айыппұл түріндегі қылмыстық жазаға тартылды.