Маңғыстауда парсы барысын зерттеп, қорғауға арналған жаңа халықаралық жоба басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ағымдағы жылдың мамыр айында National Geographic және Segré Foundation грантының қолдауымен, Conservation X Labs компаниясының қатысуымен Қазақстанда ірі мысықтарды – парсы барысы мен қар барысын зерттеу және қорғау бойынша халықаралық трансшекаралық жоба іске қосылды.
Жоба үш елде - Түркікменстанда, Қырғызстанда және Қазақстанда жүзеге асырылуда.
Аталған жоба аясында 1-2 тамыз аралығында Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы және Кендірлі – Қаясан мемлекеттік табиғи қорығы қызметкерлерімен ерекше қорғалатын аумақтарда камералық қақпандар орнатылды.