Халықаралық отбасы күні аясында облыста “отбасы ағашы” акциясы басталды. Мереке күні кейбір елді мекендердегі саябақтарға көшеттер отырғызылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ата-бабаларымыз көгалдандыруға, ағаш отырғызуға ерекше мән берген. Ағаш өсіру бала өсірумен бірдей дейді қазақ. Облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен, Маңғыстау тәжірибелік-ботаникалық бағының директоры А.Иманбаеваның қолдауымен, сондай-ақ облыстық кеңестің қатысуымен аналар мен Жанұя отбасын қолдау орталығы, көп балалы аналар «Отбасы ағашы» акциясына қатысты.
«Нұрбергеновтер, Жәрдемовтер және Құрбанбаевтар отбасыларына алғысымызды білдіреміз, бұл отбасылар үшін бүгін тарихи күн.
Әрбір маңғыстаулық отбасы еңбекпен, тәрбиемен, біліммен игі дәстүрлер сабақтастығын жалғастыра алады және жалғастыруы керек», - дейді акция ұйымдастырушылары.