Маңғыстауда Қызыл кітапқа енген соғды қызғалдағы гүлдеп жатыр. Егер өңірге келушілер мен тұрғындар соғды қызғалдағын жұлса, қылмыстық іс қозғалады. Бұл туралы Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ескертеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Соғды қызғалдағы - биіктігі 10-25 сантиметр болатын көпжылдық өсімдіктің түрі. Тұқымы жұмыртқа тәрізді, қалыңдығы 0,7-1,5 сантиметр, қара, қоңыр, қатты, ішкі жағы түкті қабықты болады.
Соғды көктемнің ортасында наурыздан сәуірге қараған уақытта гүлдей бастайды. Қызылқұм, Қарақұм және Маңғыстаудың құмды аймақтарында немесе сирек, сазды, шөлейтті жерлерде өседі.
Соғды қызғалдағы – Қазақстанның қызыл кітабына енген, сирек кездесетін гүл.