25 қазан – Республика күніне арналған «Патриотизм дауысы» акциясы аясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен мемлекеттік қызметшілер мерекелік шараға қатысты. Әнұран шырқалып, Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осыдан 13 жыл бұрын бүкіл ұлттық және мемлекеттік мереке ретінде тойланған Республика күні Қазақстанның жаңа тарихына еліміздің басты мерекелерінің бірі ретінде қайта оралды. Бұл күнді мемлекеттің ұлттық мерекесі деп жариялау Қазақстан халқы үшін маңызды қадам болып табылады және бүкіл елде кеңінен аталып өтіп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұл күн ұлттық мерекелер тізіміне енгізіліп, тарих беттеріне алтын әріптермен жазылады.
- Республика күні басты ұлттық мереке ретінде шын мәнінде жалпыхалықтық болуы керек. Мен азаматтардың Республика күнін қайта қайтаруды қандай ынтамен қабылдағанын көрдім. Барлық облыстарда салтанатты концерттер, ғылыми конференциялар, шығармашылық байқаулар, спорттық жарыстар өткізіліп, патриоттық, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда. Біз бұл мерекені идеялық мазмұнмен және мәнмен толықтыруымыз керек. Бізге Республика күнінің мәнін барынша көрсететін жалпыұлттық бастамалар қажет, - деді Мемлекет басшысы.
25 қазанда Маңғыстау облысында осы маңызды күнге арнап бірқатар салтанатты іс-шаралар жоспарланған.
«Патриотизм дауысы» акциясы аясындағы шаралар легі бірнеше күнге созылмақ.