Маңғыстау ҚАЖД мекемелері мен түзеу колония-қонысында концерттік бағдарламалар мен спорттық іс-шаралар өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу изоляторында жазасын өтеушілер мерекеге алдын-ала дайындалды. Концерт пен спорттық жарыстардан басқа, мұнда Тәуелсіздік күнінің тарихына арналған викторина өткізу туралы шешім қабылданды.
Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші тур блиц-сауал форматында өтті. Қатысушылар қысқа сұрақтарға жауап берді. Екінші тур Отан туралы мақал-мәтелдерге арналды. Үшінші тур сотталғандарға мемлекеттік рәміздер, тарих, мәдениет, елдің дамуына үлес қосқан белгілі тұлғалар және атаулы күндер туралы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді.
"Байқауға жазасын өтеушілер мен хозблокта жұмыс істейтіндер қатысты. Олар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері, түрлі реформалар мен республиканың маңызды оқиғалары жөнінде білімін көрсетті. Біз сондай - ақ сотталғандарға сыйлық жасадық - патриоттық әндерді орындаушы облыстық филармонияның әншісі Сержан Масжановты арнайы шақырдық, - деді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесі бастығының орынбасары Азат Шабиков.
Ал колонияда бұл күні шахмат пен дойбы ойнады. Үстел теннисі бойынша сотталғандар командаларға бөлінді. Әрқайсысына "Қырандар", "Қазақстан барысы", "Шерқала", "Айрақты"деген атаулар берілді. Айтпақшы, көптеген қатысушылар мектептен бастап үстел теннисін ойнайды, сондықтан жарыс оңайға соқты. Тәуелсіздік күні бізде жыл сайын іс-шаралар өтеді. Біз осы мерекенің бірнеше сағатын спортқа арнаймыз. Кейбіреулер командаларда ойнайды, басқалары жекелей біріншілік үшін күреседі, ал өзгелері жанкүйер болады. Таңертең бізде концерт өтті, Кешке қарай спорт сайыстары бойынша жеңімпаздар анықталды, - деді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №43 мекемесінің бастығы Азат Орынбасаров.
Тәуелсіздік күні мекемеде мерекелік түскі ас ұйымдастырылды, ұлттық тағам - ет асылды.