Маңғыстау облысында 36 мыңға жуық тұрғын әлеуметтік желіде заңсыз қаржы пирамидаларына тіркелген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өңірде қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі бойынша 6 қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстың істің екеуі соттың қарауына берілсе, біреуіне сотқа дейінгі тергеу басталған.
Тағы 3 қаржы пирамидасы туралы іс өзге өңірлерлердегі құзырлы органдарға жолданған.
Маңғыстау облыстық экономикалық тергеп-тексеру департментінің мамандар алаяқтарды Telegram-бот арқылы тексеруге болатынын атап отыр.
«CHAYTAITING қаржы пирамидасы сотқа дейінгі тергеу сатысында, сондай-ақ экономикалық тергеу бөлімінің өндірісінде қаралып жатыр. 14 адам жәбірленуші деп танылды, жалпы шығын көлемі - 11,5 млн теңге», - дейді департамент тергеуші Алексей Клеменко.
Маңғыстау облысы бойынша анықталған мына қаржы пирамидаларының тізімі:
JANUYA
AMANAT DRIVE
BEST WAY
ЕЛІМ АЙ 2019
ВЫГОДНЫЙ ЗАЙМ
GAP
SINCERE SYSTEMS GROUP
L CAPITAL
WORLD BUSINESS CONSULTING
INCRUISES
EVOLUTION CORPORATION
AKSHAALNALYM
BUSINESS GAME
LIFE IS GOOD
Q-NET
RIVER COINS