Облыс прокуратурасының алқа отырысында алаяқтық және қаржы пирамидаларына қатысты қылмыстық істерді тергеу сапасына жүргізілген талдау нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Статистикаға сәйкес, алаяқтық — ең көп таралған қылмыстардың бірі.
Соңғы 2 жылда өңірде 1,7 мың қылмыс тіркелген (2022 – 979 (10 ай-834), 2023ж. 10 айында - 769, яғни 7,8% - ға төмендеу байқалады).
Алаяқтықтың 1748 фактісінің 52,8% - ауыр, 27% - ауырлығы орташа және 19,7% - онша ауыр емес қылмыстар санаты.
Құқық қорғау органдар жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында облыс прокуратурасымен бірқатар нақты ұсыныстар енгізілді. Атап айтқанда, тергеушілерге жүктемені біркелкі бөлу үшін көп эпизодты және күрделі істерді тергеуді облыстық аппаратқа тергеу тобын анықтаумен тапсырылды.
Бұдан басқа, Экономикалық тергеу қызметі мен полиция арасындағы өзара іс-қимылдың, оның ішінде тергеу тәжірибесімен алмасудың тиімді тетіктері әзірленді.
Облыс прокуроры Руфат Құттықов тергеу барысында процесстік шешімдерді уақтылы қабылдап, кешенді тергеу амалдарын қамтамасыз етуге басты назар аудару қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар резонанстық істерді тергеуді тергеу бөлімшелерінің басшылық құрамына тікелей тапсыру туралы ұсыныстар берілді.
Отырыс қорытындысымен қылмыстық қудалау органдарын тергеп-тексеру сапасын жақсартуға бағытталған басқа да ұсыныстар енгізілді.