Маңғыстауда 15 қыркүйек күні қағидаларды бекіту мен емхаланаларға тіркелу науқаны басталады. Осы науқан аясында, әр азамат өз еркімен емхана таңдау құқығын пайдалана алады. Бұл туралы өткен брифингте Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Балзия Сағымбаева айтты, mangystaumedia.kz.
Спикердің айтуынша, 15 қыркүйектен бекітілген қағидаларға сәйкес емхаланаларға тіркелу басталады. Бөлім басшысы кез келген азамат дәрігер мен емхананы еркін таңдаған жағдайда бекіту жылына бір рет қана жүзеге асырылатынын, ұйымының біреуіне ғана бекітілетіндігін айтты.
- Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту үшін және медициналық көмек көрсету үшін «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызметі іске асырылды. Цифрлық денсаулық сақтау субъектісінің маманы өтінімді мақұлдау туралы не дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.Көрсетілетін мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салу МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады. Егер пациент басқа елді мекен еткен болса (іссапарға, қонаққа және т.б.) және ауырып қалса, онда ол шұғыл медициналы қкөмек алу үшін орналасқан жері бойынша жақынмаңдағы медициналы құйымға жүгіне алатын емес жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыра алады,- деді Балзия Сағымбаева.