Атырау облысындағы су тасқынына байланысты Жылыой ауданының тұрғындары Маңғыстау облысына эвакуацияланды. Осыған орай Достық үйінен арнайы көмек көрсетуге арналған пункт ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Қазіргі таңда апатты аумақта жағдай тұрақты. Сондай-ақ, арнайы келіп штабқа көмек қолын созған жандарға алғысым шексіз. Біздің штаб кез келген көмек түріне дайын. Сондай-ақ, көшірілген тұрғындар еріктілер мен белсенді азаматтарға ризашылығын білдіруде,- деді МО ҚХА Төрағасының қоғамдық орынбасары Ирина Беляева.
Сонымен қатар, бұл қайырымдылық көмек штабына тұрмыстық қажеттіліктер, азық-түлік, көкөніс пен ет өнімдері тұрақты түрде жеткізіліп жатыр.
Айта кетейік, эвакуацияланған тұрғындар 34 шағынауданда орналасқан «Достық үйіне» барып қажетті көмекті ала алады. Бұл пункт 9:00-22:00 аралығында жұмыс істейді.