Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына келген сапарсында өңірдің бес тұрғынына мемлекеттік марапатты табыстады, деп хабарлады mangystaumedia.kz «БОРТ №1» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысынан марапат алған тұрғындарға мемлекет алдындағы ерен еңбегі мен маңызды жетістіктері үшін берілді.
Халықпен кездесу барысында «Парасат» ордені еңбек ардагері Күзембай Ерғалиевке, «Мамандандырылған ІТ-лицейді» МКМ мұғалімі Людмила Рябоваға «Құрмет» ордені» табысталды.
Сонымен бірге, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені «Қарақия орталық аудандық ауруханасы» МКК Сенек дәрігерлік амбулаториясының мейіргері Жанымгүл Дүйсембаеваға, «Өзен жылу» МКК жөндеушісі Сейдәлі Қияқбаевқа ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медальі «Ақжол+К» ЖШШ шебері Феруза Қаракесековаға салнататты түрде тапсырылды.