Бүгін, 6 шілдеде "МАЭК" ЖШС ЖЭС №1 энергоблоктың жөндеу жұмысы аяқталды. Сағат 05.51-де энергоблок қайта іске қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz МАЭК ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жөндеу 4 шілдеде сағат 21:50-де басталды, МАЭК-те энергоблок қазандығын суыту үшін біраз уақыт қажет болғанын айтып отыр.
- Кәсіпорынның қызметкерлері апат болған сәттен бастап энергоблок қазандығындағы жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтауға жұмылды. МАЭК мамандарының уақытында жедел іс-қимыл жасауының арқасында энергоблок жабдықтарына елеулі зақым келтірілген жоқ. Нәтижесінде, облыс орталығы мен Маңғыстау облысының елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтау бойынша шектеулер болған жоқ, - делінген МАЭК хабарламасында.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы 3 шілдеде сағат 17:31-де қазандыққа беріліп тұрған тоқ деңгейінің күрт өсуіне байланысты "МАЭК" ЖШС ЖЭС №1 энергоблогы тоқтап қалған еді.