Сайлау учаскелерінде тұрғындар өздерінің азаматтық парызын өтеуге тым ерте жиналды.
Сайлау учаскесі ашылмай тұрып-ақ мұнда жиналған адам қарасы көп көрінді. Сайлау учаскесі ашылысымен бюллетеньдерін алып, өз қалаулары бойынша таңдауларын жасауда.
Алғашқы келгендердің бірі - Сапаров Есенбай ол сайлаудан қалмайтынын және ауылдастарын сайлауға қатысып еліміздің дамуы жолында дауыс беруге шақырды.
Сондай-ақ, алғашқы болып дауыс бергендерге сый-сияпаттар табысталды.
Әр сайлау учаскесінде кандидаттардың сенімді өкілері мен БАҚ өкілдері қатысып, сайлау барысын бақылап отыр.