Ақтауда «Компания Строй Инвест 2020» серіктестігінің жұмысшылары кеше түнгі кезекшілікте және бүгін түске дейін жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында ең алдымен автомобиль жолдарындағы ылди(спуск) және өрге(подъем), аялдама және жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазалау жұмыстарын жүргізіп, 84 тонна құм және 35 тонна тұз аралас қоспасын септі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жұмыстарға 4 шебер, 46 жол жұмысшы, 15 жүргізуші, 3 маз пескоразбрасыватель, 4 самосвал, 4 погрузчик, 2 автобус және 2 газель жұмылдырылды.
Құм-тұз аралас қоспасы мына мекен-жайларға себілді:
-№19 автомобиль жолы, 18 және 19 шағын аудан аралығы;
-№19 автомобиль жолы, 16 және 17 шағын аудан аралығы.
-№19 автомобиль жолы, 12 және 13 шағын аудан аралығы.
-№3 және №1 автомобиль жолының қиылысы;
-№3А автомобиль жолы, 14,12,11 және 9 шағын аудан аралығы;
-№3А автомобиль жолы, 7,8,5,6,4 және 2 шағын аудан аралығы;
-№18А автомобиль жолы, 11 және 12 шағын аудан аралығы;
-№8, №8А, №11 және №11А автомобиль жолының қиылысы;
-№21А автомобиль жолы, 27 және 28 шағын аудан аралығы;
-№16А автомобиль жолы, 28А, 24 және 26 шағын аудан аралығы;
-№21Б автомобиль жолы, прокуратура базарынан «Бекет ата» мешітіне дейін;
-№6А автомобиль жолы, 22,21,3Б,6А,2,3,1 және 1А шағын аудан аралығы.
Жол қауіпсіздігін сақтап, көктайғақтың алдын-алу мақсатында мына мекен-жайларда қардан тазалау жұмыстары жүргізілді:
-№7 автомобиль жолы, 15, 15А, 5, 5А, 4 және 4А шағын аудан аралығы;
-№15А автомобиль жолы, 18А шағын аудан аралығы;
-№3А автомобиль жолы, 14,12,11 және 9 шағын аудан аралығы;
-№18А автомобиль жолы, 11 және 12 шағын аудан аралығы;
-№19А автомобиль жолы, 16 және 17 шағын аудан аралығы;
-№22А автомобиль жолы, 17 және 18 шағын аудан аралығы