Бағдарламаға 18 жастан 63 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. 1 наурыз бен 30 сәуір аралығында Қазақстанда "Отау" жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Бағдарламаға қатысуға өтінімді Баспана маркет порталында беруге болады.
"Отау" бағдарламасына кімдер қатыса алады?
-Отбасы банкінің жұмыс істеп тұрған салымшылары, оның ішінде тұрғын үйге кезекте тұрғандар.
-Отбасы банкінде депозиті бар, мерзімі кемінде 18 ай.
-Жинақ шотында өтінім беру сәтінде кемінде 1 млн теңге жинақ сомасы бар.
Қатысушының жасы 18-ден 63 жасқа дейін.
Бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің соңғы бес жыл ішінде меншігінде тұрғын үй болмауы тиіс.
Алматы мен Астанада тұрғын үй сатып алу кезінде осы қалаларда тіркеудің болуы міндетті.
Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін қатысушылардың тізімі автоматты түрде жасалады. Оған ең көп ұпай жинағандар кіреді.
Ұпайлар не үшін есептеледі?
-салым бойынша сыйақы мөлшері үшін - әрбір 1000 теңге үшін 5 балл;
-салым мерзімі үшін- салым қолданылған әрбір жыл үшін 5 балл;
- тіркелген неке үшін-10 балл;
-балалардың болуы үшін- санына қарамастан 50 балл.
Егер баллдар саны сәйкес келсе, онда тізімге енгізу үшін басымдық салым сомасы көп және жинақтау мерзімі ұзағырақ адамдарға берілетін болады.
Бағдарламаға қатысушылардың тізімі жарияланғаннан кейін 40 жұмыс күні ішінде кредиттік өтінім беру қажет. Несие оң мақұлданған жағдайда, несиелік өтінім 6 ай ішінде жарамды болады.
Осы уақыт ішінде Бағдарламаға қатысушы баспана тауып, несие алып, оны сатып алуы керек.
Қарыздың қандай сомасы беріледі және қандай тұрғын үй сатып алуға болады?
Алматы мен Астанада қарыздың ең жоғары сомасы-30 млн теңгеге дейін, қалған өңірлерде – 18 млн теңгеге дейін.
Алматыда, Астанада, Шымкентте және облыс орталықтарында тек жаңа, бастапқы деңгейді тұрғын үйді, оның ішінде ҚКЖ кепілдігімен үлестік қатысу шарты бойынша сатып алуға болады.
Аталған облыстардан өзге елді мекендерде кез келген тұрғын үй сатып алуға болады.
Бағдарламаға қатысушы бастапқы тұрғын үйді тек otbasybank.kz порталынан сатып ала алады.
Бұл тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеу үшін жасалып отыр.
Платформада орналастырмас бұрын, жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында әрбір объект тұрғын үйдің ағымдағы нарықтық бағасы негізінде құнын келісу процесінен өтеді.
Егер ол нарыққа сәйкес келсе, онда объектіні салушымен 1 шаршы метрге бағаны белгілей отырып, тұрғын үйді сату туралы келісім жасалады.
"Отау" бағдарламасының қарыз шарттары:
20% бастап-бастапқы жарна;
9% (ЖЭС 9,2% - дан бастап) кредит бойынша мөлшерлеме;
19 жылға дейін-несие мерзімі