Маңғыстау облысының экология департаментінің хабарлауынша, Қаракөл көлінен алынған су сынамалары ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан аспаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бірақ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясы өлген аққуларда құс тұмауы вирусының барын анықтады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қорғалатын Қаракөл көлінің жағасынан қорық инспекторлары 30 өлі сыбырлақ аққуды тапқан болатын.