Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марат Қарабаев өңірге іссапары аясында Ақтау қаласындағы өнеркәсіп аймағына аялдап, «Каспий» тұщыландыру зауытының құрылысымен танысуды, сондай-ақ бірқатар индустриялық кәсіпорынды аралайды жоспарлаған. Олардың қатарында «ҚазАзот» АҚ, «Каскор-МашЗавод» ЖШС және «Кеме жабдықтары мен сервисі» сынды мекемелер бар.
Сондай-ақ ведомство басшысы Ақтау қаласының кәріз-тазарту жүйесінің қызметін бағамдап, облыс орталығындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын тексермек. Бұған қоса министрдің тұрғындармен кездесуі және азаматтардың жеке қабылдауын өткізіп, жергілікті БАҚ-на арналған баспасөз конференциясына қатысуы жоспарлағаны белгілі айтылды.
Ал сенбі күні облыстағы ірі инфрақұрылымдық нысандар мен кәсіпорындарға барады деп көзделіп отыр. Атап айтқанда, Марат Кәрімжанұлы Ақтау теңіз солтүстік терминалының, Құрық және Ақтау теңіз порттарының, «Ақтау теңіз порты» АЭА, «Каскор-Транссервис» АҚ және «СОМС» ЖШС-нің өндірістік әлеуетін байқайтын болады.
Бұдан басқа жоспар бойынша министр «Құрық-Жетібай» және «Доссор-Құлсары-Бейнеу» автожол учаскелеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп, «ЕРСАЙ Каспиан конструктор» және «Семург Инвест» ЖШС қызметімен танысады деп күтіліп отыр.
Бұл ретте күні кеше Марат Қарабаев көрші Атырау облысына жұмыс сапарымен барғаныне естеріңізге сала кетейік. Сапар барысында министр Атырау – Астрахан бағытындағы автожолдың құрылысын көріп, жергілікті халықтың сұрақтарына жауап берумен бірге азаматтардың жеке қабылдауын өткізіп, БАҚ қызметкерлеріне арналған баспасөз жиынына қатысқан болатын.