Кез келген саналы адам елдегі жағдайға немқұрайлы қарамау керек деп санайды тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының спорт шебері, үштағандық Бисенбек Нұрсебепов. Ол № 185 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Оның айтуынша, сайлауда дауыс беру – жауапты іс.
«Мен үнемі сайлауға қатысамын. Адамдар елінде болып жатқан құбылыстарға бей-жай қарамауы керек. Бүгін мұнда болашағын ойлайтын адамдар келді деп санаймын, - дейді спортшы ұстаз.