19 қаңтарда православие сенушілерінің мерекесі - Құдайға шоқыну рәсімі атап өтілуде. Осыған орай, теңізде төтенше және қайғылы жағдайларды болдырмау үшін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері тәуліктік кезекшілікті қамтамасыз етуде,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сонымен қатар, Құрық кентінде, Кендірлі демалыс орны, Форт –Шевченко қаласында Құтқару бөлімшелері күшейтілген қызмет атқаруда.
Айта кетейік, ТЖ департаментінен 73 қызметкер және 23 техника бөлінген.
Сондай-ақ, жедел-құтқару жасағының құтқарушыларынан бөлек, жедел-жәрдем қызметі мен Полиция департаментінен мамандар жұмылдырылған.