15 шілдеде сағат 03:30 шамасында Бейнеу ауылында Д.Тәжиев көшесінің бойында жаппай төбелес болды. Әлеуметтік желідегі видеода жігіттердің көшеде жүгіріп, таяқпен төбелескені көрінеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бейнеу ауданының полиция қызметкерлері 24-25 жас аралығындағы 6 күдіктіні анықтап, ұстады.
«Аталған факті Бейнеу аудандық ІІБ-нің ТЖД ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі - бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті және қоғамды құрметтемеу, денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген атыс қаруын қолдану бойынша тіркелді. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.