6 маусым күні Ақтау қаласында орналасқан Ұлттық ұлан 6656 әскери бөліміне жаз мезгілінде әскерге шақырылушылардың алғашқы легі келе бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе қаласынан келген 30-ға жуық отан қорғаушыларды әскери бөлім басшылығы әскери оркестрдің сүйемелдеуімен теміржол вокзалынан бастап күтіп алды.
Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаздар мен бөлім басшылығы қызмет ететін әскери бөлімнің тарихы мен бөлімдегі күн тәртібі мен таныстырды. Сонымен қатар алдағы уақытта жас сарбаздар әскери өмірге бейімделу үшін 1 ай көлемінде жас жауынгер курсынан өтетін болады. Ал алғашқы әскери дайындық бағдарламасын меңгергеннен кейін салтанатты түрде ант қабылдап, заңды түрде қатардағы сарбаз сапына қабылданады.