Бүгін Ақтау қаласының 16 шағын ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша жаңа мектеп құрылысының қазығы қағылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. Бұл туралы депутат Уаис Ерсайынұлы фейсбук парақшасында жариялады.
Білім ошағының сыйымдылығы - 1500 оқушыға арналған.
Бұл — елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2023-2025 жылдары салынуы жоспарланған 400 мектептің бірі.
Жобаның тапсырыс берушісі— «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.
Мердігер мекеме — Маңғыстау облысында көптен мектеп салумен айналысып жүрген құрылыс компаниясы «Альянс ЛТД» ЖШС.
Нысан 2024 жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі деп жоспарланған.