Әлеуметтік желілерде тұрғындар "Мақсат-Маңғыстау" ЖШС-не қатысты шағымданды. Қызмет көрсететін компания 28а-8 мекен-жайы бойынша қарызы өтелмегендерге жылу қосылмайтынын жеткізді, деп хабарлады mangystaumedia.kz.
Бұл үйдің ПИК қызметтерін төлеу бойынша қарызы 1,5 миллион теңгеге жуықтаған. Бұл ПИК былтыр да осындай хабарландырк таратқан еді. Ол кезде аталған компания 28А шағын аудандағы 6 үйді қарызға байланысты жылусыз қалдыратынын мәлімдеді.
Өткен жылы қалалық тұрғын үй инспекциясы қызмет көрсететін компаниялардың жылуды өшіруге құқығы жоқ екенін, ал ПИК борышкерлерге қатысты туындаған мәселелерді сот тәртібімен шешуге міндетті екенін хабарлады. Нәтижесінде "Мақсат-Маңғыстау" ЖШС-не ескерту берілді.