Ақтауда «Мағаш» базарында «Жастарға кеңес» аясында қоғамдық қабылдау форматында кеңес берілді. Шараны «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ ұйымдастырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кеңес беруге Маңғыстау облысы бойынша «Отбасы Банк» АҚ-ның консультанты, Ақтау қаласы бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Таджикараева, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасындағы кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімнің 1 санатты сарапшы Н.Койчибаев, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы бас маман О.Нысан тегін кеңес берді.
Мамандар тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап беріп, бағыт-бағдар көрсетті.