Ақтау қаласында «Жасыл ел» еңбек жасағының XIХ маусымы аяқталды. Іс-шараға еңбек жасағының жастары мен ұйымдастырушылар қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиые барысында еңбек жасағының жастары, еңбек маусымын ұйымдастыру жұмысына белсене қатысқандар марапатталды. Биыл 300 жас еңбекке тартылды. Жастар қаламыздың әртүрлі шағын аудандарында көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысып, өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Салтанатты іс-шараға Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева қатысып, жастарға жылы лебізін жеткізді.
- Еліміздегі жастарға арналған ауқымды жобалардың бірі «Жасыл ел» жобасы 2005 жылы бастау алған. Қоршаған ортаны таза ұстау мәселесін басты назарға алған жастар болашақ еліміздің дамуына елеулі үлес қосары сөзсіз. Қаламызды дамыту жолындағы жасаған еңбектеріңізге алғысымды білдіремін,- деді қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева.