Ақтауда халықтық ұжым «Айша қыз» би ансамблінің шығармашылық есеп беру концерті өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Абай» атындағы мәдени демалыс кешенінде өткен концертке жүзге жуық өнерпаз қатысты. Кеште «Айша қыз» би ансамблі «Испан», «Ерке қыз», «Тарантелла» және «Сальсо» биін биледі. Би ансамблінен бөлек концертте Кәусар Болат «Ғажайып әлемі», «Ертегілер» вокалды тобы «Тақия» және Бекболат Жұмабай «Молдабай» әнін шырқады.
Сонымен қатар, жиында ансамбльдің атқарған жұмысы туралы видеоролик көрсетілді.
«Айша кыз» би ансамблі - ұлттық би өнерінің қалыптасуы мен дамуына өз үлесін қосып келе жаткан ұжым. Бұл ансамбль 1992 жылы Ақтау қаласында Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінде құрылды. Ол кезде ансамбль атауы «Балауса» деп аталған. 2000 жылы «Балауса» ұжымы «Айша қыз» би ансамблі болып өзгертілді. Ұжым өнерпаздары халықаралық, республикалық жарыстарға қатысып өз өнерін көрсетіп келеді. Бүгінгі концерт жалпы ансамбль жұмысын қорытындылау және өнерімізді көрерменге паш ету мақсатында өткізілді, - деді «Айша қыз» би ансамблінің жетекшісі Сандуғаш Бисалиева.