«Ай-шуақ» қайырымдылық қоры жаңа жыл мерекесінде аз қамтылған отбасылардың 75 баласы мен балалар үйінің 35 баласына сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қор облыстық ерекше балалар үйінің «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психо-неврологиялық орталықта» тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің көңіліне қуаныш сыйлады. Балалар Аяз атаға арнайы 35 хат жазған. Бүлдіршіндерге сыйлықтарды қайырымдылық қоры табыстап, ұялы телефон, құлаққап, әдемі көйлектер, жеміс-жидектер мен тәттілер табыстады.
Жаңа жылдық шараға Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаты Асылбек Жолдыбаев, Рустемабад Айдарханов, Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаты Ирина Беляева, «Эльбурс» кафесінің басшысы Эльбурс Мамедов, жеке кәсіпкер Валера Мамедов, Ақтау қаласының мәслихаты депутаты Нуркен Таменов,«Аналар кеңесінің» мүшесі Татьяна Мурадян, «Берекет-Ф» ЖШС басшысы Зарета Фаталиева, Динара Асанова, Сымбат Хасанова, «Сұлтан мебель», «Ханшайым» тондар дүкені мен «АЖК ДСШ Трейд» ЖШС демеуші болды.
Айта кетейік, «Ай-шуақ» қайырымдылық қоры көптеген іс-шара өткізіп, көптеген жанға көмек қолын созып жүр.