Маңғыстауда жыл басынан бері 40 сотталушы тергеу изоляторындағы арнайы терминал бойынша өтініштер, шағымдар мен өтініштермен жүгінген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 77 мекемесінде осындай екі терминал жұмыс істейді. Олар үздіксіз бейнебақылауға алынып, тұрақты ғаламтор желісіне қосылған. Кез келген жазасын өтеуші адам демалыс күндерін қоспағанда, яғни, жұмыс уақыты кезінде таңғы 9-дан кешкі 18-ге дейін терминал арқылы өтінішін жібере алады.
Жақында істі болған Қайрат Шайдаров сот үкімін алды. Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Енді ол терминалдың көмегі арқылы сот үкіміне қатысты шағымданданбақ.
"Терминалмен бұл әлдеқайда ыңғайлы екен. Қағазға сұраныс берудің қажеті жоқ. Мұнда бәрі қарапайым, түсінікті. Жүйеге кіріп, үндеуін жазып, жіберсе бір-екі минут ішінде жауабын алады. Сонымен қатар, сізге өз өтінішіңізді ілгерілеп отыруын үнемі қадағалауға болады, - дейді жазасын өтеуші.
Өтінішті қалалық, облыстық немесе ҚР бас прокуратурасына жіберуге болады. Терминал арқылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш беріледі. Қызмет биометрия көмегімен жұмыс істейді. Сотталған адам ЖСН-ін енгізеді, содан кейін сканерге саусағын қояды. Терминал саусақ ізін оқыған соң шағым білдіруші дерекқорға кіруге мүмкіндік алады.
«Бізде екі терминал бар. Сотталғандар тарапынан құқыққа қайшы әрекеттерге шағым беруге, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыруға өтініш беруге болады. Жалпы, онымен жұмыс істеудің мүмкіндіктері өте көп. Сонымен бірге, осы арқылы қағазбастылық жойылады. Шағым немесе өтінішке ден қою мерзімі бірнеше есе қысқарады. Жыл басынан бері ақпараттық техниканың қызметін 40 адам пайдаланды», - дейді Маңғыстау облысы ҚАЖД №77 мекемесінің тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Ғабит Бердішев.
Ақпараттық терминалдарды пайдаланудың басқа да тиімділігі бар. Мәселен, жазасын өтеушілер өздерінің шағымдары мен өтініштерін онлайн түрде қадағалай алады. Сонымен бірге, мекеме қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктерінің асыра пайдалануына және алдын алуға мүмкіндік береді.