20 сәуір күні сағат 15:00 де Ақтаудағы амфитеатр алаңында тасаттық намазы оқылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
-Маңғыстаулық тұрғындардың ұсынысымен облыстық «Бекет ата» мешіті тасаттық намазын ұйымдастырады. Іс-шара «Бір мезетте - бір дұға» деп аталады. Тұрғындарды қолдау білдіруге шақырамын. Мақсат – Жаратқаннан биылғы жылдың берекелі болуын, елімізді табиғи апаттардан сақтауды тілеу. Келушілерден жайнамаздарын алып келудін сұраймыз, - деді ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілі Әнуарбек Елжанов.