© grani.lv
Ақтаудағы №29 бөбекжайда тәрбиеші таңғы ас мезгілінде тәрбиеленушілерге тамақты бала санына жеткіліксіз салған. Кейін жазба әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Келеңсіз жағдайға байланысты Маңғыстау облысы білім басқармасының өкілі жауап берді.
Ата-аналардың шағымына байланысты бөбекжайдың бейнежазбасы қаралған. Онда №7 топтың тәрбиешісі тамақты жеткіліксіз салғандығы анық байқалады.
-Топтың тәрбиешісінен түсініктеме алынды. Тәрбиеші таңғы асты балалар үнемі жемей, тамақ қалып қойғандықтан азғантай салғандығын түсіндірген. Тәрбиешіге тәртіп шара қолданылды. Орын алған жағдайға байланысты бөбекжай әкімшілігі ата-анамен кездесіп, кешірім сұраған. Білім бөлімі жанынан арнайы комиссия құрылып, дүйсенбі күнінен бастап зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зерделеу комиссиясының қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады, - деді Маңғыстау облысы білім басқармасы.