ҰҚК-нің Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде "По синим волнам" атты қазақстандық көркем сериал түсіріліп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Мелодрамада Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі маңызды міндеттерді орындайтын теңіз шекарашыларының қызметі көрсетілмек.
Аталған фильм - Қазақстандағы теңіз академиясында тағдырдың жазуымен тоғысқан мінездері мен әлеуметтік орталары әр түрлі төрт жас жігіт туралы шытырман оқиғалы экшн. Теориялық білім алғаннан кейін сериалдың кейіпкерлері ҰҚК Шекара қызметінің Жағалау күзеті бөлімшелеріне тәжірибеге жіберіледі, онда оларды детективтік әңгімелердегідей керемет шытырман оқиғалар күтіп тұрады, сонымен бірге оларға елдің теңіз шекарасын қорғау үшін жоғары жауапкершілік жүктеледі.
Сериалда әртүрлі жанрлар бар. Мелодраманы қалайтындар үшін фильм басты кейіпкерлердің қарым-қатынасының жарқын эмоцияларын қалдырады. Романтикалық және драмалық сәттер арқылы кейіпкерлер түрлі оқиғаны бастан кешіреді. Экшн жанрының әуесқойлары үшін Каспий теңізінің әдемі пейзаждары аясында қызықты атыс-шабыс және ұрыс кездері қарастырылған.
Динамикалық көріністер мен керемет трюктер, шиеленіс оқиғалары көрермен бойында адреналин туғызады.
Кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекеттері олардың ерікті реакциялары мен өткір қақтығыс жағдайларын айқын көрсетеді, оларға күрделі моральдық және этикалық дилеммалар қояды. Бұл көрермендерді ойландыратын және толқытатын терең және қызықты атмосфера жасайды.
Каспийде жастар күрделі және кейде стресстік жағдайларға тап болады, олар өздерінің ақылы мен бір-біріне деген моральдық қолдауы арқасында бір-бірін кез-келген жағдайдан алып шығады. Тағдырдың сынақтары, ерекше жағдайлар мен күнделікті өмірдегі оқиғалары кейіпкерлерді ортақ арнаға біріктіреді. Әсіресе, Каспийде қылмыстық сипаттағы қаскөйлер пайда болған кезде олар нағыз командаға айналады. Криминалды топ тек контрабандамен ғана емес, сонымен бірге браконьерлікпен де айналысады екен. Алдын алу арқылы елге төнген біраз қатердің беті қайтпақ.
Басты кейіпкерлер контрабандалық және браконьерлік қызметпен айналысатын сериалдың негізгі жауызының жолын кесуге жоспар жасайды. Тек бірігіп қызмет ету арқылы жас жігітеттер қылмыстық әрекеттерді тоқтатып теңіз күзетшілеріне қарақшылар мен олардың экипажын ұстауға көмектеседі. Финалда достар нағыз командаға айналып қана қоймай, қылмыскерді ұстағаны үшін марапат алады.
Фильмді түсірушілер шытырман оқиғалар мен интригаларға толы 15 сериялы драмалық мелодрама ешкімді бей-жай қалдырмайтынына сенімді. Әр эпизод көрерменді теңіз шекарашыларының күнделікті күрделі өмірін жақыннан тануға жетелейді. Батырлармен бірге көрермен шекара ведомствосының Жағалау күзеті қатарындағы қызметтің ерекшеліктері, патриотизмге және өз Отанын қорғау үшін жауапкершілікке негізделген теңіз күзетшілерінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы біледі.
Айта кету керек, бұл фильм Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Жағалау күзеті туралы алғашқы сериал. Рөлдерде қазақстандық көрермендерге танымал жас актерлік құрам да бой көрсетеді.