30 маусымда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кездесуде ҚР ИИДМ құзыретіне қатысты, яғни жол және көлік, азаматтық авиация, өнеркәсіпті дамыту, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері қаралады.
Кездесу сағат 14.30-да 34 шағынаудан «Достық үйінің» ғимаратында өтеді.