Ақтауда «Отпан Тауэрс 2» ТҮК-інде кәріз құбыры жарылып, биоқалдық бірнеше коммерциялық нысанға төгілген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кәсіпкердің сөзінше кәріз құбыры осымен алтыншы рет жарылған. Бірнеше рет қайталанған бұл жағдай кәсібімізге айтарлықтай кедергі келтіріп жатыр дейді ол. Қыруар қаржыға кеңсесіне жөндеу жүргізген кәсіпкерлер жауаптыларды таба алмай әлек болып отыр.
- Кәріз құбыры үнемі жарылып, берекетіміз қашты. Мүмкін емес. ЖЭК-ке барсақ құрылыс компаниясына сілтейді, компанияға барсақ тағы біреуге сілтейді. Ешкім мойнына алмай отыр. Кәсібіміз тоқтап қалды, - дейді кәсіпкер.