Ақтаудағы Қ.Сыдиықов атындағы кітапханада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы өңірде қоғамдық-саяси даму жолында елеулі еңбек сіңірген азаматтарды марапаттады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Еркіндік.Әділдік.Ынтымақтастық» атауымен өткен жиында партияның облыстағы филиалының төрағасы Сәкен Мыңбаев салалық бағытта елеулі еңбек етіп жүрген азаматтар әрдайым марапатқа лайықты екенін атады.
«Маңғыстау облысының дамуы үшін аянбай еңбек етіп, қосқан үлестері үшін бірқатар әріптестерімізді марапаттауды жөн көрдік. Өскелең ұрпақ үлгі тұтар азаматтарымызды әрдайым қолдап отыру - біздің басты парызымыз. Бұл жолы “Ақтау қаласының 60 жылдығы” төсбелгісі мен бірқатар саяси лауазым иелерінің алғыс хаттарын табыстадық», - деді Сәкен Мыңбаев.
Жиын барысында облыс әкімінің Құрмет грамотасы 7 адам берілсе, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаевтың алғыс хаты облыс әкімінің орынбасары Звира Есбергеноваға, «Маңғыстау-Медиа» ЖШС директоры Гүлмира Әбішеваға салтанатты түрде тапсырылды.
Сонымен бірге, облыстық Мәслихат төрағасы Ж.Матаевтың Алғыс хаты өңірдің дамуына үлес қосқан 10 адамға табысталды. Ал жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжановтың Алғыс хаты 14 адам, партияның облыстық филиалының төрағасы Сәкен Мыңбаевтың марапаты 15 адамға беріліп отыр.