Кеше теңіз жағалауындағы екі демалыс орнында екі адам суға кетіп, қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Суға кеткендердің бірі 36 жастағы ер адам, екіншісі 14 жасар қыз бала.
Марқұмның екеуі де жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған.
Жедел жәрдем қызметі өкілдерінің мәліметі бойынша, кеше 11:47-де «Монтажник» демалыс базасында 14 жасар қыздың өлімі тіркелген.
Ал, сағат 18:00-де «Бриз» демалыс орнында 36 жастағы ер адам суға кетіп, қайтыс болған.