Ақтауда балаларды ерте дамыту орталығындағы қызметкерлердің бірі бір жарым жастан асқан баланы түскі ас кезінде ұйықтамағаны үшін ұрып-соққан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Белгілі болған мәліметтерге сәйкес, жәбірленушінің ата-анасы полицияға ресми өтінішпен жүгініп, полиция өтінішті қабылданғаны белгілі болды.
Баланың денесінде зорлық-зомбылықтың айқын белгілері бар. Сондай-ақ осы орталықта орнатылған бейнебақылау камераларынан қызметкердің кішкентай баланы ұрып-соғып жатқанын анық көруге болады.
Мangystaumedia.kz аталған жағдайдың анық-қанығын білу үшін облыстық полиция департаментінің сауал жолдады. Оқиғаға қатысты мән-жайды алда жарияланатын болады.