
Ақтау қаласында жанармай құю бекеттерінде мүлдем жоқ, болса да ұзын-сонар кезек деп тұрғындар тағы шағымдана бастады, деп mangystaumedia.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Автокөлік иелері кеше жанармай құю қиынға соқты дейді.
"Мен кеше қалада түстен бастап жанармай бекетінде кезекте тұрдым. Нәтижесінде газ бітіп қалды деп айтты. Енді тағы да бензинге ауысуға тура келеді", - дейді жүргізуші Ерлан.
Басқа да автокөлік иелері газдың жоқтығын айтып шағым жасап жатыр. Көптеген адамдар қала маңына баруға мәжбүр, онда да кезек дейді автокөлік иелері. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бұл жағдай туралы түсініктеме береміз дегенмен, әлі жауап берген жоқ.
Айта кетейік, апта ортасында осы жағдайға қатысты Ақтау қалалық “Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі жауап берген болатын.
«Қазіргі таңда қала аумағында 22 АГҚС (қалдық қоры 391т) өз жұмысын атқарып жатыр. Кезектің басым бөлігі қала ішінде. Ал қала сыртында кезектің байқалмайтынын және “ҚазГӨЗ”-ЖШС-нен бейсенбі күні 170-180 тн көлемінде СМГ өнімін жеткізуді жоспарланғанын қаперіңізге салады», - деп жауап берді мекеме өкілдері.