Ақтауда әуесқойлар арасында өткен шахмат турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Интеллектуалдық дода Солтүстік Каспийдегі теңіз жобасының 30 жылдығына арнайы ұйымдастырылған.
85-ке жуық адам қатысқан жарыс швейцариялық жүйе бойынша «ФИДЕ» халықаралық рейтингісіне сәйкес 9 турдан тұрды. Шахмат турнирінің қорытындысы бойынша Інжу Майжаканова - 18 жасқа толмаған (2005 жылға дейін дүниеге келген) қыздар арасында үздік көрсеткіш көрсетті.
• Рамазан Амангелді - 18 жасқа толмаған (2005 жылға дейін дүниеге келген) бозбалалар арасындағы үздік көрсеткіш;
• Светлана Маринцева - 18 жастан асқан (2004 жылдан бастап дүниеге келген) әйелдер арасындағы үздік көрсеткіш;
• Қойшы Маннапов - 60 жастан асқан (1963 жылға дейін дүниеге келген) ересек адамдар арасындағы үздік көрсеткіш;
• Серік Кенжетаев - «NCOC» компаниясының қызметкерлері арасындағы үздік нәтиже көрсетті.
Турнирдің абсолюттік жеңімпаздары Мұрат Омаров (І орын), Айдана Күшбай (ІІ орын), Александр Саркисов (ІІІ орын) дипломдармен, медальдармен және бағалы жүлделермен марапатталды.
Еске сала кетейік, шараны Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Солтүстік Каспий жобасының операторы «NCOC» компаниясы ұйымдастырды.