Ақтау әскери бөлімінде қортынды тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ҚР Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты, Ақтау қаласында орналасқан 6656 әскери бөлімінде 2023 жылдың 1-жарты жылдыққа арналған қорытынды тексеріс өтіп жатыр.
Аталған шараны жүргізудегі басты мақсат - әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығының жай-күйін текскеру болып отыр.
Қортынды тексеріс барысында әскери қызметшілердің тактикалық, арнайы, атыс, саптық, дене шынықтыру дайындықтары тексеріледі. Сондай-ақ машиналар мен автомобиль техникасын жүргізу, химиялық және биалогиялық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану және әскери топография бойынша сынақтар тапсырады.
Қортынды тексерістің нәтижесіне қарай әрбір әскери қызметші жеке – жеке бағаланып, соңында әскери бөлімнің жауынгерлік әзірлігіне баға бермек.