“Сағыныш сіңген сардалам”. Осындай атаумен Ақтауда ақын, журналист Гүлайым Дәуітбайдың шығармашылық кеші өтті.
Мазмұнды өткен кеште ақынның қаламынан туындаған “Маңғыстау”, “Ұйқы ұрланған түн”, “Құрдаспен әңгіме”, “Өлең тұлпар”, “Рушылдың ылаңы” “Бойтұмарым” сынды көптеген өлеңдері оқылып, шығармашылығы, еңбек жолы мен бауырлары туралы естеліктер айтылды.
Ақынның сөзіне жазылған “Көкмойнақ”, “Іңкәр айым”, “Сам құмы”, “Астана” әндері шырқалды.
Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты. Аймақ басшысы ақынның шығармашылығы туралы сөз қозғап, ыстық лебізін жеткізді.