Ақтауда «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы екі мектеп салынуда. Оның біреуі 18 шағынауданда орналасқан. Қала әкімі Ұлықбек Тналиев 1200 орындық мектептің құрылыс жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған білім ордасының жалпы аумағы 17 мың м2 құрайды. Жауаптылардың айтуынша, мектептің жанында баскетбол және футбол алаңы мен бастауыш сынып оқушыларына арналған ойын алаңы болады. Снаряд лақтыратын алаң мен футбол алаңындағы жүгіру жолағы да қарастырылған. Ал көлік тұрағын мектептің оң жағында орналастыру жоспарланған. Қала әкімі Ұлықбек Тналиев жауаптыларға мектеп алдындағы көлік тұрағы мәселесін қарастыруды тапсырды.
-Қазіргі таңда Ақтау қаласында үш ауысымдық 7 мектеп бар. Осы мәселені шешу мақсатында қалада «Жайлы мектеп» жобасы аясында 8 мектеп салу жоспарланды. Одан бөлек, 1200 орындық екі мектеп «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы салынуда. Оның біреуі 18 шағын ауданда орналасқан. Аталған мектепті 1 қыркүйекке дейін тапсыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ата-аналар балаларын мектепке апарып алып кетеді. Көбісі жеңіл көлікпен келеді. Сондықтан мектептің алдында көлік тұрағын қарастыру қажет, - деді қала әкімі Ұлықбек Тналиев.
Ал «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы салынып жатқан екінші мектеп 19А шағын ауданда орналасқан.