Ақтаулық тұрғын 16 шағынауданға салынатын жолдың сағызша созылып кеткенін айтып, әлеуметтік желіге жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің айтуынша, 2023 жылдың қыркүйек айында «Ақтау қаласы, 16 шағынауданның ішкі инженерлік желілерін, автомобиль және жаяу жүргіншілер жолын салу» жұмыс жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Осылайша шағынауданды тиісті инженерлік желілермен қамтамасыз ету (су, жылу, кәріз) сонымен қатар, автомобиль және жаяужүргінші жолдарын салу қарастырылған.
- Атап айтсақ, автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 3847 м, ені – 7 м; Жаяужүргінші жолы – 7694 м, ені – 1,5 м; Су құбыры – 6795 м; Кәріз құбыры – 4877 м; Жылу құбыры – 2713 м. Бұл жобаның құрылыс-монтаж жұмыстарды орындайтын мердігер мекеме анықтауға Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Нәтижесінде – «Альянс ЛТД» ЖШС жеңімпаз атанды. Ендігі кезекте бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Жоспарға сәйкес, құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылы 2-тоқсанда басталады, - деп сендірді Ақтау қалалық құрылыс бөлімі.