Ең алғаш Астана қаласынан бастау алған республикалық «Ақберен» өнер байқауы Тараз, Түркістан, Семей, Павлодар, Көкшетау, Ақтөбе, Астана қалаларында өтіп, маңғаз Маңғыстау жерінде жалғасын тапты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
"Ақберен" республикалық байқауына 22 командадан тұратын 132 оқушы қатысып, оларды 11 қазылар алқасы бағалады.
Шығармашыл оқушылар арасындағы Х республикалық «Ақберен» өнер байқауында қол жеткен ерекше жетістіктері үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасы мен бағалы сыйлықтарымен 19 оқушы,
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің номинация бойынша дипломы мен бағалы сыйлықтарымен 6 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломы мен бағалы сыйлықтарымен 18 оқушы, ІІ дәрежелі диплом мен бағалы сыймен 12 оқушы, І дәрежелі диплом және бағалы сыйлықтармен 6 оқушы марапатталды.
Mинистрліктің командалық ІІІ дәрежелі дипломы және Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан 100 мың теңге ақшалай сыйақымен Атырау облысының, Қызылорда облысының, Қостанай облысының және Маңғыстау облысының командалары марапатталды.
Сонымен қатар, министрліктің командалық ІІ дәрежелі дипломы және Маңғыстау облысы әкімдігінің атынан 200 мың теңге ақшалай сыйақысымен Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының командасы мапапатталды.
І дәрежелі диплом және Маңғыстау облысы әкімінің атынан 300 мың теңге ақшалай сыймен Алматы облысының командасы марапатталды.
Байқау соңында, барлық қазылар алқа мүшелеріне «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хаты табысталды. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 25 жылдық төсбелгісімен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы, ақын сазгер, қазылар алқасының төрағасы Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценты, филология ғылымдарының кандидаты, қазылар алқасының мүшесі Сарекенова Қарлығаш Кұрманғалиқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының доценті, ақын, қазылар алқасының мүшесі Айтмұхамбет Жанат Әскербекқызы, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының ассисенті профессор,филология ғылымдарының кандидаты, қазылар алқасының мүшесі Бабашов Азат Мақсұтбекұлы және Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Жұмашева Динара Нағимуллақызы марапатталды.