Бейнеу ауданының 50 жылдығына орай 50 іс-шара аясында тай бәйге, тазы жарыс және садақ атудан сайыс өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есенғали орманында өткен бұл шараға аудан әкімі Рақымжан Шалбаев қатысып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бәйгеге барлығы 16 тай қатысты. Жиналған көпшілік шабандоздарға жігер беріп, қиқулап тұрды. Тазы жарысқа 14 тазы қатысты. Олардың арасында республикалық деңгейдегі сайыстардың жүлдегер тазылары да бар.
Тай бәйге мен тазы жарысы аяқталғаннан кейін садақ атудан сайыс басталды. Сайыста 30 мерген өздерінің бағын сынады. Қазақ халқының Ұлттық құндылықтары ұлықталған шара көрермендерді шабыттандырып, ерекше көңіл-күйге бөледі.
Тай бәйге қорытындысы бойынша
1-орын Жұмамұратов Аман. Бұйрық тай (Ақтау)
2-орын Аманқосов Нұрдәулет. Бақторы (Бейнеу)
3-орын Қонарбаев Саламат. Шеге (Боранқұл)
Алтын тай сыйлығы Саламат Қонарбаевтің Шеге тайына берілді.
Тазы жарысының қорытындысы бойынша
1-орын Бақтыбай Дінмұхаммед. Тазысы Таймас (Ақтау)
2-орын Нурыев Сержан. Тазысы Барон (Ақтау)
3-орын Рахмет Бекзат. Тазысы Сылдыр (Ақтау)
4-орын Нұрғараев Сайлаубек. Тазысы Көкдауыл (Құланды ауылы)
Садақ ату сайысының қорытындысы бойынша
1-орын Жидебаев Қуат
2-орын Ғанибаев Бауыржан
3-орын Сембіғалиев Айбек
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйға қоса арнайы сыйлықтар табысталды. Облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының бастамасымен және аудандық ішкі саясат, мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен ұлттық спорттық шара жоғарғы деңгейде өтті.